Ричард Яп аспаз болуды армандаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ричард Яп аспаз болуды армандаған

26.08.2015
Ричард Яп аспаз болуды армандаған

Ричард Яп «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында көрсетіліп жатқан «Жүрегім сізге аманат» телехикаясында басты рөлдегі актер. 

Ол 1967 жылы 18 мамырда дүниеге келген. Актер әуесқой әнші, кәсіпкерлікпен де айналысады. Оған танымалдылық алып келген рөл – «Менің қызым Бинондо» фильмі мен «Жүрегім сізге аманат» туындысы.

Ричард Яп Де Ла Саль университетінде (Филиппин) білім алған. Актер жас кезінде аспаз болуды армандаған.  Өнер жолы 2011 жылы «Менің қызым Бинондо» туындысында Ким Чудың әкесі Чен Су рөлінен басталды.

Ричард Яп бүгінде екі баланың әкесі. Актердің күнделікті жұмыс кестесі қаншалықты тығыз болса да, қолы босай қалса, уақытын отбасымен бірге өткізуге тырысады.

«Жүрегім сізге аманат» телетуындысы туралы актер: «Телехикаядағы адалдық пен шынайылық халықтың туындыны жылы қабылдауына әсер етті»,-дейді.

Ричард шоу-бизнестен әзір кетпейтінін жеткізді. Ол бұл салаға ақша мен танымалдылық үшін емес, өзін-өзі дамыту үшін келгенін айтады.

Кино саласына кештеу келсе де, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп үлгерген 46 жастағы актер: «Мен күндердің күнінде танымал актер боламын деп ешқашан ойлаған емеспін. Ән салғанды жақсы көремін. Соның өзі мен үшін – мәртебе»,-дейді.

Фильмография:

Precious Hearts Romances Presents: Kristine (2010) - Jandy/Guest Cast;

My Binondo Girl (2011-2012)- Chen «Papa Chen» Sy;

It's Showtime (2012) - Himself/Judge;

Maalaala Mo Kaya: Gayuma  (2012) – Edgar;

Walang Hanggan (2012) - Henry de Dios;

Kapamilya Deal or No Deal (2012) - Himself/Player;

Be Careful With My Heart (2012-2014) - Richard «Sir Chief» Lim;

Gandang Gabi, Vice! (2013) - Himself/Guest;

Someone To Watch Over Me  (2015) - Edison Gan;

Wansapanataym: My Kung Fu Chinito (2015) - Chairman Tai/Mang Bai/former Kungfu Chinito;

Home Sweetie Home (2015) - Dr. Richard Dee.

Кинофильмдері:

Ekstra (2013) Himself (cameo);

Praybeyt Benjamin 2 (2014) General Wilson Chua;

You're Still The One (2015) Vincent;

Felix Manalo (film)  (2015) Glicerio Santos.

Жүлделері:

2012 жылы «My Binondo Girl» фильміндегі рөлі үшін  «Golden Screen TV Awards» жүлдесі мен дәл осы фильмдегі «Ең үздік жаңа актер» аталымы бойынша «26th PMPC Star Awards for Television», «Anak TV Seal Awards» жүлделерін иеленген.

2013 жылы «Жүрегім сізге аманат» («Be Careful With My Heart»)  телехикаясындағы рөлі үшін «Gawad Tanglaw Awards»,  ең танымал телевизиялық туынды ретінде «GMMSF Box-Office Entertainment Awards» жүлдесін және осы телехикаядағы «Үздік драмалық актер» аталымы бойынша «27th PMPC Star Awards for TV» жүлдесін жеңіп алған.

2014 жылы «Жүрегім сізге аманат»  туындысы бойынша «Ең үздік телевизиялық актер» аталымында «1st Paragala Central Luzon Media Awards» жүлдесіне және бұл жылы да  ең танымал телевизиялық туынды ретінде «GMMSF Box-Office Entertainment Awards» жүлдесіне ие болған.

Айта кетейік, телехикаяны дүйсенбі-жұма аралығында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 22:40-та тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу