«Жүрегім сізге аманат» телехикаясы көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жүрегім сізге аманат» телехикаясы көрсетіледі

19.07.2015
«Жүрегім сізге аманат» телехикаясы көрсетіледі

5 тамыздан «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Жүрегім сізге аманат» атты филиппиндік телехикая көрсетіледі.

Қарапайым тұрмыс кешіп жүрген әпкелі-сіңлілі Майя мен Кристина Сан-Николас қаласында гид болып жұмыс істейді.  Ақша жетіспеген соң Мая отбасын таршылықтан құтқармақ болып шетелге жұмыс істеуге кетеді. Бойжеткен өзін жұмысқа шақырған әйелдің алдап соққанын Манилаға келген соң бірақ біледі. Қалада ақшасыз, үйсіз қалған қыздың ендігі үміті - әуежол қызметіне ықпалы бар Ричард атты бай.

Ол қыздың көңілін қайтармай көмектесетінін, бірақ, бала күтуші болып жұмыс істеуіне тура келетінін айтады. Әйелі қайтыс болған соң үш баласымен қалған Ричардтың үйі құлазып қалғандай еді. Мейірімді қыздың бұл үйге келуі оларға қуаныш сыйлады.

Ричард Лим – «Lim» әуе компаниясының президенті әрі жетекшісі. Әйелі қайтыс болған. Люк, Никки және Эбигейл атты үш баланың әкесі.

Люк – үйдің үлкені.  Момын әрі бүлікші бала.

Никки – ортаншы қыз. Анасы қайтыс болған соң, жұмысбасты әкесінің мейіріміне қана алмай жүрген ол Майяның махаббатына  бөленеді.

Эбби – үйдің кенжесі. Майяға дейінгі бала күтушілердің ешбірі бір аптаға жетпей жұмыстан шығып кететін. Себебі, Эббидің мінезіне шыдау мүмкін емес. Ал, Майяны  ол өзін әуежайда құтқарып қалған соң, жақын тарта бастайды.

Бірінші маусымы 100 бөлімнен  тұратын телетуындыда басты рөлдерде  Джоди Мария, Ричард Яп, Джером Понс, Джанель Сальвадор, Мутия Оркия ойнайды.

Телетуынды Ұлттық арнадан дүйсенбі-жұма аралығында сағат 22:40-та көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу