Джодидің танымалдылығы «Жүрегім саған аманат» фильмінен кейін артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джодидің танымалдылығы «Жүрегім саған аманат» фильмінен кейін артқан

23.07.2015
Джодидің танымалдылығы «Жүрегім саған аманат» фильмінен кейін артқан

Джоди Санта-Мария – 1982 жылдың 16 маусымында дүниеге келген. Отбасының үлкені. Джоди Филиппиндегі ең талантты актрисалардың бірі. Ол актерлік өмірін Abs-cbn компаниясының «Магиялық жұлдызды партия-7» жобасынан бастаған.

Бұл жобаға сонымен қатар, «Gimik», «Tabing Ilog», «Pangako Sa'yo», «Kampanerang Kuba», «Нұһ» және «Аспанға бағытталған 100 күн» («100 Дней К Небесам») жобалары кіреді.

Ал, актрисаның ең алғашқы түскен фильмі 1991 жылы жарыққа шыққан «Maalaala mo kaya».

Актриса бұдан бөлек, «Bagong Buwan», «Cinco»,  «Gimik» және т.б. фильмдерде ойнаған. Алайда, Джодидің танымалдылығы «Жүрегім саған аманат» телехикаясынан кейін артты.

Джоди Санта-Мария 2008 жылы «Sisa» фильмінде сомдаған рөлі үшін  «Ең үздік актриса»  жүлдесінің иегері.

Фильмография:

Be Careful with My Heart («Жүрегім сізге аманат») – 2012 жыл

100 Days to Heaven («Аспанға бағытталған 100 күн») – 2011 жыл

You Are the One (Жалғыз сен) – 2006 жыл

Bagong buwan («Жаңа Ай») – 2001 жыл

Maalaala mo kaya («Мені еске алыңыз») – 1991 жыл

Noah (TV Series)  («Нұх») – 2010-2011 жылдар

Maria Leonora Teresa  («Мария Леонора Тереза») – 2014 жыл

My Amnesia Girl («Менің қызым амнезия») – 2010 жыл

Jologs – 2002 жыл

Noon at Ngayon: Pagsasamang Kay Ganda – 2003 және т.б.

Еске сала кетейік,  «Жүрегім саған аманат» телехикаясы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан 5 тамыздан 22:40-та көрсетіле бастайды.

Хабарламаларға жазылу