Өскеменде корей киносының фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде корей киносының фестивалі өтеді

02.08.2015
Өскеменде корей киносының фестивалі өтеді

Өскеменде корей киносының фестивалі өтпек, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Тамыздың ортасында А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада өтетін мәдени шараға кез келген адам қатыса алады.

Көрермендерге корей мәдениеті, дәстүрі мен тарихы туралы презентация көрсетіледі. Ал, әр көрсетілген кинодан кейін олар фильмді талқылап, пікір білдіре алады.

«Басында корейлік комедия көрсетеміз. Алайда репертуарымызда драма, мюзкл және тарихи кино да бар», - дейді облыстық кітапхана қызметкері Әлішер Мишелев.

Сонымкен қатар, фестивальге ШҚО-да білім алып жатқан Оңтүстік Корея елінің студенттері де қатысады. Олардың ойынша бұл шара екі халықтың достығын одан сайын берік етуге көмектеседі. Осыдан кейін Өскемендегі корей кинофестивалі дәстүрге айналып, жыл сайын өткізілмек.

 

Хабарламаларға жазылу