Әнші Уитни Хьюстонның қызы қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші Уитни Хьюстонның қызы қайтыс болды

27.07.2015
Әнші Уитни Хьюстонның қызы қайтыс болды

Ұзақ уақыт бойы комада жатқан белгілі америкалық әнші, актриса Уитни Хьюстонның  жалғыз қызы  Бобби Кристина Браун қайтыс болды, деп хабарлайды ТАСС.

22 жастағы Бобби Кристина Браун Джорджия штатындағы Атланта ауруханасына  31 қаңтар күні жеткізілген еді.
Оны үйінде ес-түссіз жатқан жерінен тауып алған. Дәрігерлер қыздың өмірін құтқарып қалу үшін өкпені жасанды демалдыратын аппарат қосып қойған болатын.

Хабарламаларға жазылу