Олимпиада алауы Сочиге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада алауы Сочиге жетті

06.02.2014
Олимпиада алауы Сочиге жетті
Олимпиада алауы Сочиге жетті. Спорттық ойындар эстафетасын қала халқы мен шетелдік қонақтар тамашалады. 65 мың шақырым жолды жүріп өткен алау Қызыл алаңқайдағы спорт деревнясына жеткізілді.
 
Ал, санаулы сағаттардан соң Ойындар символы эстафетасының екінші, қорытынды кезеңі басталады. Оған 350 адам қатысады, арасында даңқты спортшылар да бар.
 
Ал, Сочи Олимпиадасының көптен күткен ашылу салтанаты ертең басталып, маңызды спорттық шара ақпанның 23-не дейін жалғасады.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу