Шілде айының басында Астана күніне орай «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер өркениеті дәстүрлі фестивалі аясында «Бөрілі байрақ» атты республикалық ақындар айтысы өткен болатын. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырған айтыс екі күнге созылды.
Бірлікті, қоғамдық келісім мен ынтымақты дәріптеуге, байрақты тарихымыз бен ежелгі хандықтардан мирас болған саяси сабақтастықты жырлауға арналған айтыста Серікзат Дүйсенғазы (Астана), Айбек Қалиев (Арқалық), Бауыржан Халиолла (Орал), Жарқынбек Наушабеков (ОҚО), Ринат Зайытов (Алматы), Иран Ғайып Күзембаев (Астана), Зура Шәйдімұратқызы (Алматы) сынды ақындар өнер көрсетті.
Сондай-ақ, сөз додасына Қалижан Білдәшев (Шымкент), Ботагөз Мұхиденқызы (Астана), Ершат Қайболдин (Ақтөбе) және енді танылып келе жатқан Хазірет Бердіхан (Алматы облысы), Шұғайып Сезімхан (Түркістан), Данияр Алдабергенов (Астана), Саят Әбенов (Қостанай), Дархан Әбдіманат (Тараз), Бек Шмат (Астана) секілді жас жүйріктер де қатысты.
Республикалық ақындар айтысының телевизиялық нұсқасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 11:50-де тамашалай аласыздар.