Петропавл әуежайы уақытша тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл әуежайы уақытша тоқтатылды

23.07.2015
Петропавл әуежайы уақытша тоқтатылды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті Петропавл қаласындағы әуежайды уақытша тоқтатты. Сертификациялық тексеру нәтижесінде комиссия мүшелері ұшу қауіпсіздігіне қатысты бірнеше қателік тапқан.

Айта кету керек, осы жылдың ақпан айынан бері  Азаматтық авиация комитетінің мамандары  Петропавл қаласындағы әуежайына реактивті ұшақтарды ұшырып-қабылдауға шектеу болған болатын. Осыдан кейін ұшу жиілігі аптасына 5 рейске азайған.

Әуежайдағы жолаушылар терминалы мен ұшу-қону жолақтарына  2016 жылға дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.

Хабарламаларға жазылу