Өскеменде волейболдан Азия чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде волейболдан Азия чемпионаты басталды

11.07.2018

Бүгін Өскеменде волейболдан әйелдер арасында Азия чемпионаты басталады. Спорт додасы  Шығыс Қазақстанда осымен екінші мәрте өтуде.  Қытай, Жапония, Шри-Ланка, Вьетнам, Иран және Тайланд елдерінен келген командалар өзара бақ сынасады.  Турнирдегі ең жас команда Жапониядан келген. 

Былтырғы ойында  Таиланд командасы бірінші орынды қанжығаға байласа, өскемендік «Алтай» құрамасы төртінші орынды еншілеген болатын. 

«Алтай» құрамасының жаттықтырушысы Юрий Панченко. Бапкер  еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, Олимпиада чемпионы атанған.  Кешке чемпионаттың ресми ашылуы  өтеді.  

Сиори Цукада, Жапония командасының ойыншысы:

- Жақсы ойын көрсетеміз деген сенімдеміз. Қаланы көрдік, таныстық. Жапониямен салыстырғанда бұл жақ ыстық, өте әдемі екен. Адамдары да құшақ жая қарсы алды.

Айдана ДАЙЫРОВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу