Аударыспақтан тұңғыш рет Азия чемпионаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аударыспақтан тұңғыш рет Азия чемпионаты өтеді

14.06.2014
Аударыспақтан тұңғыш рет Азия чемпионаты өтеді
Ертең Астанада төл спортымыз аударыспақтан 1-ші ашық Азия чемпионаты өтеді. Әлем тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отырған жарысқа 11 елдің білекті де жүректі палуандары қатысуға ниет білдірген. Бұл туралы сайыс алдында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударуға тырысатын қазақтың ұлттық спорты. Чемпионат 70, 90 және 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өтеді. Айта кетейік, жарыс жеңімпазы арнайы сыйлыққа ие болады.
 
Бекболат Тілеухан, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:
Сарапқа түсетін чемпионға арналған Алтын жалатқан, жан-жағы күмістен алтын белгі осы.

Хабарламаларға жазылу