Рухия Байдүкен: Алдағы уақытта жеке шығармашылығыммен айналысамын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рухия Байдүкен: Алдағы уақытта жеке шығармашылығыммен айналысамын

21.07.2021

Витебскідегі «Славян базары» халықаралық байқауының жеңімпазы Рухия Байдүкенді жанкүйерлері бүгін түнде әуежайдан күтіп алды.

Ал бүгін жас әнші орталық коммуникациялар қызметіне келіп журналистердің сұрағына жауап берді. Өнерлі додада бақ сынау оңай болмағананын, 3 жыл қатарынан іріктеу турларына қатысқанын айтты. Бәсекелестер де мықты. Әлемнің 14 мемлекетінен жиналған кіл мықтылар бақ сынады. Рухия ұстаздары мен халыққа алғысын жеткізді.

Естеріңізге салайық, дәстүрлі фестиваль Белорусияның Витебск қаласында өтіп, байқау нәтижесінде жерлесіміз гран-при иегері атанды. Алдағы уақытта жас әнші жеке шығармашылығымен айналысуды жоспарлап отыр.

Рухия Байдүкен, Витебскідегі «Славян базары» халықаралық байқауының жеңімпазы:
Қазақ еліне үлкен рахмет. Үлкен қолдау болып жатыр. Менің бала кезден арманым болатын, халықпен бірге тойлау. Бұл менің жеңісім емес, бұл бүкіл қазақстанның жеңісі деп білемін.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу