Тұрсынбек Қабатов: Күзде театрымыздың 5 жылдығын атап өтеміз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрсынбек Қабатов: Күзде театрымыздың 5 жылдығын атап өтеміз

06.07.2015
Тұрсынбек Қабатов: Күзде театрымыздың 5 жылдығын атап өтеміз

Тұрсынбек Қабатов Астананың 17 жылдық мерейтой қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы өткізіп жатқан концерттік бағдарламасының дайындығымен  бөлісіп, мерекемен бүкіл Қазақ жұртын құттықтады.

«Кішкентай баламызды көз алдымызда өсіп келе жатыр демейміз ғой, сол секілді елордамызда көз алдымызда өсіп, өркендеп, дамып келе жатыр. Астананың алғашқысында көрдік, бүгінгісінде көрудеміз. Шетелден қандай сыйлы қонақ келседе Астанамызға сүйсініп жатады. Біз, бүгінгі Астанамызбен мақтанамыз».

«Биыл театрымызға – 5 жыл толды. Күз мезгілінде бес жылдығымызды тойлап, кең көлемде концерт беруді жоспарлаудамыз. Бүгінгі концерт 5 жылдыққа дайындық ретінде өтпек. Сонымен қатар, біз жыл сайын театр актерлерінің жеке концертін ұйымдастырамыз. Былтыр Қанат Әлжаппаровтың концертін ұйымдастырсақ, биыл Аманғали Сыпабековтың жеке кешін өткізбекпіз. Ал, қараша айында мерекелік бес жылдығымызды тойлайтын боламыз», - дейді Тұрсынбек Қабатов. 

Хабарламаларға жазылу