Нұрсұлтан Назарбаев: Елордада тұрғысы келетін адамдар саны артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев: Елордада тұрғысы келетін адамдар саны артып келеді

27.11.2017

Кездесу барысында Сантьяго Калатрава Мемлекет басшысына Қазақстанға келіп, елорданың сәулет нысандарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты. Қазақстан Президенті Астананың бірегей сәулетімен және өмір сүру үшін жасалған қолайлылығымен ғана емес, сондай-ақ, қайталанбас атмосферасымен ерекшеленетінін атап өтті. «Елордада тұрғысы келетін адамдар саны артып келеді. Қала халқының саны бір миллионға жақындады. Келесі жылы біз Астананың 20 жылдығын атап өтеміз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Танымал испан сәулетшісі және мүсіншісі Сантьяго Калатрава әлемнің түрлі елдеріндегі көптеген футуристік нысандардың авторы.

Хабарламаларға жазылу