Франция елшісі Франсис Этьен қазақ және француз халықтарының ұқсастықтары туралы айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция елшісі Франсис Этьен қазақ және француз халықтарының ұқсастықтары туралы айтты

01.04.2016
Франция елшісі Франсис Этьен қазақ және француз халықтарының ұқсастықтары туралы айтты

 Елші таңғы бағдарлама студиясында Қазақстанның алты қаласын қамтитын «Франкофония фестивалі» туралы сұхбат берді.

«Шараның ең негізгі мақсаты - мәдени байланыстарды арттыру. Екі ел арасында мәдениет саласы бойынша биыл және келесі жылға бірнеше шаралар қарастырылып отыр. Сонымен қатар, келер жылы Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығын атап өтеміз. EXPO көрмесі аясында да бірнеше жобалар ұйымдастырылады», дейді саясаткер.

Сондай-ақ, Франсис Этьен екі ел халықтарының ұқсастығы және Франциядағы Күлкі күні туралы  айтып өтті.

Сұхбаттың толық нұсқасы  «Таңшолпанда».

 

Хабарламаларға жазылу