Қазақстандық ардагерлер өздері майданға қатысқан елдерге сапарлайтын болады

13.12.2014
Қазақстандық ардагерлер өздері майданға қатысқан елдерге сапарлайтын болады

Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу аясында ардагерлерге материалдық көмек ретінде 5,7 миллиард теңге қарастырылды. Бұл туралы  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің алқа отырысында мекеме басшысы Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2015 жылы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осыған орай ардагерлерге және тыл еңбеккерлеріне материалдық көмек көрсетуге, ардагерлердің Астана мен Мәскеуде өтетін мерекелік шерулерге қатысуына республикалық бюджеттен 5,7 миллиард теңге бағытталады», - деді министр.

Сонымен қатар, министр осы шаралар аясында  ардагерлердің өздері майданға қатысқан елдерге ақысыз сапарлайтынын атап өтті.

Хабарламаларға жазылу