«Көңілді тапқырлар театрының» бес жылдығы аталып өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көңілді тапқырлар театрының» бес жылдығы аталып өтеді

13.07.2015
«Көңілді тапқырлар театрының»  бес жылдығы аталып өтеді

6 шілде күні Елордада  «Астана қаласы Көңілді тапқырлар театрының»  «Көңілді Астана» атты әзіл-сықақ кеші өтті. Енді қыркүйек-қазан айларында театр 5 жылдығын атап өтпек.

Театрдың бүгінгі тыныс-тіршілігі, репертуары төңірегінде әңгіме өрбіткен  Әділ Орынбасарұлы: «2010 жылы 23 қыркүйекте театр ең алғашқы концертін берді.  Бес жылдың ішінде біз 23 концерт өткіздік. Қазір осы уақыт аралығында халыққа не бердік, не алдық деген оймен есеп беру концертіне дайындық үстіндеміз»,-дейді.

«Театрдың бағыты – жеке орындаушылардың өнері. Актерлерді Тұрсынбек Қабатов өзі  іріктейді. Сондай-ақ, біз жыл сайын кастинг ұйымдастырамыз».

«Бізде жыл сайын актерлердің жеке концертін беру дәстүрі бар. Былтыр Қанат Әлжаппаровтың жеке кешін ұйымдастырғанбыз, биылғы кезек Аманғали Сыпабековте. Одан кейінгі жоспар бес жылдық концерт».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу