Мейрамбек Қарағанды: Кларнетке қазақтың ән-күйін де салуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейрамбек Қарағанды: Кларнетке қазақтың ән-күйін де салуға болады

24.06.2015
Мейрамбек Қарағанды: Кларнетке қазақтың ән-күйін де салуға болады

Бала кезден үрмелі аспапта ойнауға машықтанған Мейрамбек Қарағанды бүгінде кларнетін қайда жүрсе де тастамайды. Әсіресе, таза ауада сан құбылтып, кларнет ойнау – оның сүйікті ісі.

«Үрлемелі аспапта ойнаудағы негізгі заңдылықтардың бірі – дұрыс дем алу. Яғни, кеудемен емес, іш арқылы дем алу керек. Бізді бала кезімізде қабырғаға тұрғызып қойып дайындайтын. Сондай-ақ, ерін мен ауыз қуысының да атқарар қызметі мол»,-дейді жас дарын.

Күні кеше ғана Қазақ Ұлттық өнер университетін тәмамдаған Мейрамбек I курстан бастап оркестрде жұмыс істейді. Бүгінде үйренемін деген барлық музыканттарға осы кларнет аспабын таңдауға кеңес береді. Себебі, қазіргі таңда еліміздің көптеген симфониялық, үрлемелі, әскери оркестрлеріне кларнетистер жетіспейтінін айтады.

«Кларнетке қазақтың әуендерін, күйлерін де салуға болады. Ойнауға келгенде кларнет - өте әмбебап аспап»,-дейді Мейрамбек Қарағанды.

Музыкалық аспаптың ерекшеліктері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу