«Ұлы дала» тобы Норвегияда қазақтың күйін орындады

03.12.2019

Ослоның «Виктория» ұлттық джаз-сахнасында «Ұлы дала» тобы концерт қойды. Еліміздің Норвегиядағы елшілігі шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырды. Талантты музыканттардан құралған Трио көпшілікке Қорқыт пен Ықыластың күйін күмбірлетіп, ұлттық ән-жырдан шашу шашты. Норвегиялықтар домбыра, қобыз бен сыбызғының үнін естіп, бірнеше аспапта еркін ойнайтын қазақ жігіттерінің өнеріне тәнті болды. Еліміздің Норвегиядағы елшісі Еркін Ақынжанов осы айда Норвегияда өтетін мәдени шараларға шолу жасады. Елші Ослода ұйымдастырылатын қазақ киносының күндері мен «Спорт дипломатиясы» көрмесі екі ел арасындағы достықты одан сайын нығайтуға сеп болады деген сенімде.

Нұрсұлу ҚАСЫМ


Хабарламаларға жазылу