«Қазақтың інжу-маржаны» концертін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақтың інжу-маржаны» концертін көріңіз

07.02.2015
«Қазақтың інжу-маржаны» концертін көріңіз

Музыка майталманы, өнер қайраткері Ахмет Жұбановтың бастамасымен құрылған шағын оркестр бүгінде ұлттық музыка өнерінің інжу-мар­жанына айналып отыр.

Небәрі 11 домбыра­шыдан құралған өнер бірлестігі жылдар алға жылжыған сайын қанатын кеңге жайып, оркестр биігіне көтерілді.

Төл мәдениетіміздің даму тарихында ойып тұрып орын алған, қазақ халқының ән-күйін әлемге танытқан Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестріне Елбасы «Қазақтың інжу-маржаны»,-деп баға берген.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 19.20-да оркестрдің 80 жылдық мерейтойына арналған концертті көріңіз.

Хабарламаларға жазылу