Ярослава Шведова Чарльстон турнирінің екінші айналымына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ярослава Шведова Чарльстон турнирінің екінші айналымына шықты

07.04.2015
Ярослава Шведова Чарльстон турнирінің екінші айналымына шықты

Теннистен АҚШ-тың Чарльстон қаласында басталған турнирде Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова бірінші айналымда швейцариялық Стефани Фегельді екі сетте 7:5, 6:2 есебімен  ұтып, екінші айналымға  өтті.

Ал, Юлия Путинцева ресейлік Евгения Родинамен күш сынасып, 3:6, 3:6 есебімен есе жіберді. Сондай-ақ,  Қазақстанның бірінші және осы турнирдің 11-ракеткасы ретінде қатысқан Зарина Диаста алға шқы айналымда сүрінді.  Ол чехиялық теннисші Луция Градецкаядан 6:4, 1:6, 3:6 есебімен  ұтылды.

Турнирдің былтырғы жеңімпазы – германиялық Андреа Петкович. Әйелдер арасындағы бұл бәсеке 1973 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Хабарламаларға жазылу