Ярослава Шведованың қарсыласы - Серена Уильямс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ярослава Шведованың қарсыласы - Серена Уильямс

19.03.2014
Ярослава Шведованың қарсыласы - Серена Уильямс
Қазақстанның бірінші ракеткасы Майамиде өтіп жатқан Sony Open Tennis турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды kazsporttv.kz. Ол бірінші айналымда италиялық Франческо Скьявонеден басым түсті.
 
Әлемдік рейтингте Ярослава Шведова 59-шы, ал Франческо Скьявоне – 46-шы орында тұр. Кездесу 1,5 сағатқа созылып, қазақстандық теннисші 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
 
Ярослава Шведова Майами турнирінің екінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы, америкалық Серена Уильямспен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу