Ярослава Шведова жұптық сайыста екінші айналымға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ярослава Шведова жұптық сайыста екінші айналымға шықты

14.08.2014
Ярослава Шведова жұптық сайыста екінші айналымға шықты

АҚШ-та теннистен кәсіпқойлар арасында өтіп жатқан турнирде жерлесіміз Ярослава Шведова  Анабель Мединамен бірге жұптық сайыстың екінші айналымына шықты.

Алғашқы кезеңде Шведова-Гарригес жұбы неміс қызы Андреа Петкович пен словакиялық Магдалена Рыбарикова жұбын  6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Екінші айналымда қазақ-испан жұбы Кара Блэк пен  Саня Мирза жұбымен шеберлік байқасатын болады. 

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу