Әлем чемпионаты. Денис Тен қысқа бағдарламадан кейін 3-ші орында келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионаты. Денис Тен қысқа бағдарламадан кейін 3-ші орында келеді

27.03.2015
Әлем чемпионаты. Денис Тен қысқа бағдарламадан кейін 3-ші орында келеді

Жарысқа Қазақстан атынан тек Денис Тен қатысуда. Талантты спортшыларымыз Абзал Рақымғалиев және жұптық билеу жарысында сынға түсетін Ілияс Әли мен Карина Узурова іріктеуден өтпей қалған еді.

Бүгін ерлер арасында қысқа бағдарлама сайысы аяқталды. Оның қорытындысы бойынша 85,89 ұпай жинаған Денис Тен 3-ші орын иеленді. Ал, бүгінгі жарыс күнінен кейін бірінші орында жапониялық Юдзуру Ханю (95,20 ұпай) тұр. Қысқа бағдарламадан кейін 92,74 ұпай жинаған испаниялық Хавьер Эрнандес әзірге 2-ші келеді.  

Айта кетейік, ертең, 28 наурызда, Әлем чемпионатында ерлер арасында еркін бағдарлама бойынша жарыс өтеді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы атаулы сайысты сағат 15:35-те тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу