Мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты – Ұлттық арнада - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты – Ұлттық арнада

28.03.2015
Мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты – Ұлттық арнада

Бұл күндері Шанхайда (Қытай) мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа Қазақ елі  атынан тек Денис Тен қатысуда. Абзал Рақымғалиев және жұптық билеу жарысында сынға түсетін Ілияс Әли мен Карина Узурова іріктеуден өтпей қалған еді.

27 наурыз күні ерлер арасындағы қысқа бағдарлама сайысы аяқталды. Оның қорытындысы бойынша 85,89 ұпай жинаған Денис Тен 3-ші орын иеленді. Ал, бірінші орында жапониялық Юдзуру Ханю (95,20 ұпай) тұр. Қысқа бағдарламадан кейін 92,74 ұпай жинаған испаниялық Хавьер Эрнандес әзірге 2-ші келеді. 

Бүгін Әлем чемпионатында ерлер арасында еркін бағдарлама бойынша жарыс өтеді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы аталмыш сайысты сағат 15:35-те тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу