Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери атақтар тапсыру рәсіміне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери атақтар тапсыру рәсіміне қатысты

06.05.2024

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды, әскерилерді Отан қорғаушылар күнімен және алда келе жатқан Жеңіс күні мерекесімен құттықтады. «Бүгінде айбынды армиямыз – елдегі тұтастық пен тыныштықтың мықты қалқаны. Қуатты әскеріміз бейбітшілік пен берекелі өмірді қас қақпай күзетіп тұр. Биыл біз соңғы 80 жылдағы ең жойқын тасқынға тап болдық. Елге қатер төнген сәтте сарбаздарымыз алдыңғы шептен табылды. Міне, халық пен армияның мызғымас тұтастығы дегеніміз – осы. Мұндай мысалдар аз емес», – деді Президент. Жиын барысында Мемлекет басшысы бірқатар қызметкерге мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсырды.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу