Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Golden Spin of Zagreb 2014 турнирінің жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Golden Spin of Zagreb 2014 турнирінің жеңімпазы атанды

06.12.2014
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Golden Spin of Zagreb 2014 турнирінің жеңімпазы атанды

Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, қазақстандық  Денис Тен Хорватияда өткен Golden Spin of Zagreb 2014 халықаралық турнирінде топ жарды, деп хабарлайды турнирдің ресми сайты.

Денис Тен қысқа бағдарламадан кейін 92,51 ұпай жинап, көш бастады. Ал, еркін бағдарламада 157,43 ұпайға ие болып, екінші нәтижені көрсетті. Екі сайыстың қорытындысы бойынша ол 249,94 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды.

Екінші орынды еркін бағдарламада (158,00) жеңіске жеткен чех Михал Бржезина (239,62) алды. Ал, ресейлік Константин Меньшов 229,51 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Еске сала кетейік, Денис Тен қараша айында Францияда өткен Гран-придің бесінші кезеңіне қатысқан еді. Ол сол жарыста қысқа бағдарламада көш бастағанымен қорытындысы бойынша 236,28 ұпайға ие болып, үшінші орыннан көрінген еді.

Хабарламаларға жазылу