ТЖМ: Атырау облысында Жайықтың деңгейі қауіпті межеге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТЖМ: Атырау облысында Жайықтың деңгейі қауіпті межеге жетті

06.05.2024

Атырау облысында Жайықтың деңгейі қауіпті межеге жетті. Қауіпсіздік шаралары күшейтілген. ТЖМ өңірлердегі су тасқыны жағдайы туралы хабарлады. Құлсары қаласында мотопомпалардың және жылжымалы сорғы станциялардың көмегімен тұрғын үйлерден су сору жұмыстары жалғасып жатыр. 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Құлсары қаласында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 184 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды. 

Хабарламаларға жазылу