Өндірісті өркендету үшін «экономикалық патриотизм» қажет

Қазақстандық үлесті қамту бойынша үкімет биылғы жоспарды орындай алды. Бұл мәселені Астанада өткен семинар-кеңесте инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау көтерді. Вице-министр өнеркәсіптің өркендеуі үшін түрлі зауыттардың қажет өнімдерді отандық өндірушілерден алғанын құп көреді.
Мысалы тек биыл цемент сатып алу бойынша қазақстандық мазмұн 105 пайызға өссе, арматура өнімдерін сатып алу 500 мың тоннадан 800 мың тоннаға дейін артқан. Ресей кәсіпорындары ұсынған арзан бағаға жүгірмей, өз өндірушілерімізді қолдау басты міндет.
Дегенмен «экономикалық патриотизм» қағидасын ұмытып кететін кәсіпорындарда кездеседі. Мысалы \"АрселорМитталТемиртау\" компаниясы Астанадағы «Экспо-2017» көрмесінің құрылысына Ресейден сатып алынған тауарларды тартқан. «Отандық зауыттардың жұмысын тоқтатпаудың жолдарын іздеп жатқан тұста, бұл дұрыс емес»,- деп түйіндеді сөзін вице министр. Үкімет Қазақстандық мазмұнды қамтуды одан әрі күшейтпек. Айта кету керек, бүгін Астанада отандық тауар өндірушілер мен жер қойнауын пайдаланушылардың семинар-кеңесі өтті. Онда құны 14 миллиард теңге болатын 26 ұзақмерзімді келісімге қол жеткізілді.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда бірнеше ауылға ауыз су тартылды
05.11.2025, 10:29
Ыстанбұлда «Ұлы даланың рухы» атты сурет көрмесі ашылды
05.11.2025, 10:26
Есірткі қылмысына қатысты 900-ден астам құқық бұзушылық тіркелді
05.11.2025, 10:08
Бельгияда дрондарға байланысты екі әуежай жабылды
05.11.2025, 10:07
АҚШ-та 144 мың литр отын тиеген ұшақ апатқа ұшырады
05.11.2025, 10:06
Маңғыстауда мысық тістеген тұрғын құтырма ауруынан көз жұмды
05.11.2025, 10:05
Алматыда 17 жол-көлік оқиғасы тіркелді
05.11.2025, 10:03
Қарағандыда қысқы дөңгелексіз жолға шыққан жүргізушілер кері қайтарылды
05.11.2025, 10:02