Басты Жаңалықтар Алматыда 17 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Алматыда 17 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Алматыда алғашқы қар жауды. Кеше кешкі уақытта түскен ақ ұлпаның қалыңдығы қалада 1, таулы аймақта 10 сантиметрге жуықтады. Салдарынан көлік қозғалысы қиындап, қалада 17 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 6 адам жарақат алған. Ал бүгін жауатын қардың қалыңдығы 13 сантиметрге дейін жетіп, ауа температурасы 7 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Қазір қалада 2 500-ден астам коммуналдық қызметкер мен мыңға жуық арнайы техника көшелерді тазалауға кіріскен. Қалалық полиция департаменті тұрғындарды жолда сақ болуға шақырады. Қар мен көктайғақ салдарынан жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін патрульдік қызмет күшейтіледі.


Бөлісу