Басты Жаңалықтар Қостанайда бірнеше ауылға ауыз су тартылды

Қостанайда бірнеше ауылға ауыз су тартылды

Қостанай облысындағы Әулиекөл ауданының 4 ауылында су тарату пункті пайдалануға берілді. Осылайша елді мекендер толық ауыз сумен қамтылды. Бұған дейін Көктал, Первомай, Юлеев, Новосёлов ауылының тұрғындары ауыз суды аудан орталығынан тасып ішетін. Алда енді үй-үйге құбыр тартылады. Жалпы облыс бойынша биыл өңірдегі 37 елді мекенге су құбырын өткізу үшін бюджеттен 30 млрд тенгеден астам қаржы бөлінген.

Ермек Ілияс, ауыл тұрғыны:

Біз оған дейін ішетін ауыз суды ауданнан тасып жүретінбіз. Қазір енді өзіміздің  ауылға су тартылды. Осы жерден аламыз суды, соған өте қуаныштымыз.  
 

Бөлісу