Басты Жаңалықтар Қарағандыда қысқы дөңгелексіз жолға шыққан жүргізушілер кері қайтарылды

Қарағандыда қысқы дөңгелексіз жолға шыққан жүргізушілер кері қайтарылды

Қарағанды – Астана тас жолына қысқы дөңгелексіз шыққан ондаған жүргізуші кері қайтарылды. Өңірде жаңбыр жауып, арты қарға ұласып, жолдар көктайғақ болғандықтан көліктер сырғып жатыр. Жол-көлік оқиғалары күрт артып, кеше түске дейін-ақ 30 жеңіл-ауыр апат тіркелген. Облыстық патрульдік полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Республикалық маңызы бар жолдарға 26 автопатруль мен 55 қызметкер жұмылдырылды.

Бөлісу