Астанада 11 наурыз күні V «Стартап Форумы» өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 11 наурыз күні V «Стартап Форумы» өтеді

08.03.2015
Астанада 11 наурыз күні  V «Стартап Форумы» өтеді

 

Астанада 11 наурыз күні «Қазақстан» орталық концерт залында Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы, «КАЗКА» Қазақстан Кәсіпкерлер қауымдастығы және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен   кәсіпкерлерді біріктіретін V «Стартап Форумы» өтеді, деп хабарлайды astana.kz.

Шара - өз ісін бастауға ниетті жас іскерлерге жан-жақты білім, байланыс және ашық ақпарат топтамасы ұсынылатын ауқымды ақпараттық жоба.

«Стартап Форумға»  еліміздің түкпір-түкпірінен 1000-нан астам кәсіпкер қатыспақ.

Биылғы форум бизнесте жетістікке жеткен спикерлердің қатысуымен ерекшеленеді. 

Айта кетейік, соңғы жылдары Астана, Алматы, Шымкент қалаларында өткен стартап-форумдарына 5000-нан астам адам қатысты, үздік тәлімгерлер 20 шеберлік-дәрісін, 30 бизнес-тренинг өткізді. 10 000 астам екі жақты «Business to Business» кездесуі ұйымдастырылды. 

Хабарламаларға жазылу