II халықаралық «Almaty Invest -2014» инвестициялық форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

II халықаралық «Almaty Invest -2014» инвестициялық форумы өтеді

07.10.2014
II халықаралық «Almaty Invest -2014» инвестициялық форумы өтеді

Алматыда 17 қазанда «Интерконтиненталь» қонақ үйінде II халықаралық «Almaty Invest -2014» инвестициялық форумы өтеді.  Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

«Almaty Invest» форумының жұмысына Үкімет пен Парламент депутаттары, дипломатиялық корпустың өкілдері, отандық және шетелдік сарапшылар, бизнес-құрылымдардың өкілдері, халықаралық ұйымдардың жетекшілері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысады.

Форум барысында Алматы қаласының қаржы орталығы ретіндегі даму стратегиясы талқыланады, қалалық құрылымдардың өкілдері мен инвесторлар инвестицияға қатысты кедергілер мен мүмкіндіктерді және сұранысқа ие жобаларды қарайды. Сонымен қатар, конференция барысында «жасыл экономика» стандарттарын ендіру мәселелері сөз болады. Сондай-ақ, форум барысында инновациялық стартап-жобалар көрмесі өтеді.

Айта кетелік, «Almaty Invest» форумы - бизнес пен биліктің ашық диалогы. Алматы қаласының дамуына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруға арналған бірегей алаң.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу