Қызылордада 28-29 сәуір күндері V «Байқоңыр» инвестициялық форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 28-29 сәуір күндері V «Байқоңыр» инвестициялық форумы өтеді

03.04.2015
Қызылордада 28-29 сәуір күндері V «Байқоңыр» инвестициялық форумы өтеді

28-29 сәуір күндері Қызылорда қаласында кезекті V «Байқоңыр» инвестициялық форумы өтпек. Форум жұмысына отандық және шетелдік инвесторлар қатысады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Байқоңыр» форумы Қызылорда облысы үшін бизнес және билік арасындағы диалог алаңы ретінде қалыптасты. Өткен 4 форум аясында шыны зауыты, күн электр станциясы, «Шалқия» металлургиялық кен орнының құрылыстары мен өзге де аймағымыз үшін маңызды жобаларды жүзеге асыру жөнінде келісімдер жасалды.

Форум аясында БҰҰДБ, Еуроодақ, Экономикалық ынтымақтастық және Экономикалық әріптестік және даму ұйымы (ЭӘДҰ), Халықаралық қаржы ұйымы (IFC) секілді ірі халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс орнатылды.

V инвестициялық форум 2 күнге созылып, алғашқы күні Байқоңыр қаласында, ал екінші күні Қызылордада өтеді.

Хабарламаларға жазылу