Елордада 15 көшенің атауы өзгертіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 15 көшенің атауы өзгертіледі

26.02.2015
Елордада 15 көшенің атауы өзгертіледі

Астана қаласы мәслихатының 47-ші кезектен тыс сессиясында халық қалаулылары 14 мәселені қарады. Сессияның жұмысына Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов, аудан әкімдерінің орынбасарлары, басқарма және құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Астана қаласының жекелеген көшелеріне атау беру және кейбір көшелері мен орамдарды қайта атау туралы» мәселені талқылау нәтижесінде елордалық мәслихат төрағасы Сансызбай Есілов депутаттармен Астана қаласы көшелерін атау және қайта атау рәсімін нақты ережелер шеңберіне келтірілуіне қатысты бірқатар ескерпелер мен ұсыныстар жасалғанын атап өтті және жақын уақытта Тілдерді дамыту басқармасы көшелерді қайта атау және атау бойынша процессті татымды реттейтін ережелер жобасы немесе тұжырымдама мәслихаттың қарауына енгізілетініне үмітін білдірді.

Қалалық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы, ономастикалық комиссия төрағасы Ербол Тілешов өз баяндамасында алдағы уақытта кейбір көшелерге белгілі қоғам қайратккерлерінің, тарихи тұлғалардың - Шыңғыс Айтматовтың, Ұзақ батырдың, Шәймерден Қосшығұлұлының, Ілияс Омаровтың, Жантай батырдың, Зейін Шашкиннің, Әмина Өмірзақованың және т.б. есімдері берілетінін атап өтті. Бұдан басқа, орамдар да қайта аталатын болады. Жалпы, Астанада 15 көшенің атауы өзгертіледі.

Сонымен қатар, сессия шеңберінде Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережесі, Астана қаласының аумағында құрылыс жүргізу ережесі туралы  жобалар қаралды.

Хабарламаларға жазылу