Шымкентте 95 көшенің атауы өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 95 көшенің атауы өзгереді

25.09.2014
Шымкентте 95 көшенің атауы өзгереді

Шымкентте 95 көшенің атауы өзгереді, деп депутаттар тұрақты комиссия отырысында мәлімдеді. 

Халық қалаулылары ұсыныстарды қарау кезінде жауаптылардың атауларға қатысты ұсыныстары әлі де қоғамдық талқылауға түсу қажет екенін айтты.

Сондай-ақ, олар жаңа атауларды да кері қайтарып тастады.

Сонымен қатар, Шымкентте 80-нен астам көше атауы қайталанады. Атауы моральдық тұрғыдан ескірген және мүлде атаусыз көшелер де бар. Халық қалаулылары жауаптылар ұсынып отырған атауларды қоғамдық талқылауға түспегені үшін кері қайтарып тастады, деп otyrar.kz. сайты. 

Хабарламаларға жазылу