Астанадағы екі вокзалдың атауы өзгертіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы екі вокзалдың атауы өзгертіледі

09.01.2024

Астанадағы екі вокзалдың да, атауы өзгертілмек. Көлік министрлігі ұсыныстарын қоғамдық талқылауға шығарды. «Нұр-Сұлтан» теміржол вокзалының атауы «Астана» вокзалы ал, «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» вокзалының атауы «Нұрлы жол» болып қайта аталмақ.

Жалпы, Республика бойынша 10-нан астам станцияның атауы қазақшаланып, өзгереді. Ел азаматтары Ашық үкімет порталында өзгертулерге байланысты сауалнама толтырып, пікір білдіре алады.


Хабарламаларға жазылу