Зарина Диас BNP Paribas Open турнирінің төртінші айналымына шыға алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас BNP Paribas Open турнирінің төртінші айналымына шыға алмады

16.03.2015
Зарина Диас BNP Paribas Open турнирінің төртінші айналымына шыға алмады

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан BNP Paribas Open турнирінің төртінші айналымына өте алмады. 

Зарина үшінші айналымда әлемнің және турнирдің бірінші ракеткасы, америкалық Серена Уильямспен шеберлік байқасып, екі сетте – 6:2, 6:0 есебімен ұтылып қалды.

Екінші айналымында хорватиялық Донна Векичті 6:3, 6:3 есебімен ұтқан болатын.

Сонымен, Зарина Диас әлемдік рейтингтің көш басында келе жатқан үш теннисшімен де кездесіп көрді. «Australian Open» турнирінде әлемнің екінші ракеткасы ресейлік Мария Шараповадан екі сетте жеңілген. Сондай-ақ, өткен жылы әлемнің үшінші ракеткасы, румыниялық Симона Халептен екі рет кездесіп, екеуінде де ұта алмаған. Ал, әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына кіретін германиялық Андреа Петковичті ұтқан.

Ал, осы турнирге қатысып жатқан тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева екінші айналымда сербиялық әлемнің алтыншы ракеткасы Ана Ивановичтен 6:3, 6:1 есебімен ұтылды.

Хабарламаларға жазылу