Тәуелсіздік жылнамасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік жылнамасы

11.12.2014
Тәуелсіздік жылнамасы

1991 жыл. Қазақстан Республикасы тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық президент сайлауы өтті.

Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткен ең үлкен жетістік – республика аумағында ядролық полигонның жабылуы.

1992 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері «Байқоңырдан» «Союз ТМ-13» кемесімен  Айға сапар шекті. Тоқтар Әубәкіров – көк жүзінде қалықтаған бірінші қазақ ғарышкері болып Тәуелсіз Қазақстан тарихына енді.

1992 жыл. 4  маусым. ҚР тарихында  ерекше мәртебелі күн. Бұл күні еліміздің Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны ресми түрде бекітілді.

1992 жылы Алматыда Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Әлемнің әр түкіпірінде тарыдай шашылған қандастарымыздың басын біріктірген жиын шеттегі қазақтардың атамекенге оралуына мүмкіндік туғызды.

1993 жылдың 15 қараша күні Ұлттық валюта – теңге айналымға енді. Жаңа банкнотттарымыздың бетіне қазақтың батырлары, ақындары, ойшылдары мен ғұламалары бейнеленді.

1994 жыл. 6 шілде. ҚР Жоғары Кеңесінің жалпы отырысында Президенттің Астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы мақұлданды.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу