Тәуелсіздік жылнамасы: 1991-1993 жылдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік жылнамасы: 1991-1993 жылдар

06.12.2022

Әлем елдерімен терезесі тең өмір сүру – кез келген ұлттың ұлы мұраты. Биыл тәуелсіздік алғанымызға 31 жыл. Осы ретте ел тарихындағы айтулы оқиғаларды жадымызда тағы бір жаңғыртайық.

1991 жыл. 29 тамызда Президент Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды. Осы жылдың 2-қазанында қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 1992 жыл. 4-маусымда мемлекеттік рәміздер - Гимн, Елтаңба, Ту бекітілді. Қазақстан БҰҰ-ның толыққанды мүшесі атанды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының құрамына енді. Еліміздің Қарулы Күштері құрылды. Алматыда Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. 1993 жыл. Тұңғыш Конституция қабылданды. Ұлттық валюта – теңге қолданысқа енді. Шетелдерден 10 мың қандасымыз көшіп келді. «Мемлекеттік шекара туралы» заң қабылданды. «Алма-Ата» атауы «Алматы» болып өзгерді. «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу