Тәуелсіздік жылнамасы: 1994-1996 жылдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік жылнамасы: 1994-1996 жылдар

07.12.2022

Қазақстан Тәуелсіздігіне 31 жыл. Осы уақыт аралығында толыққанды қалыптасқан мемлекет екенімізді дәлелдедік. Әрбір жыл тарих беттерінде сақталатын оқиғаларға толы болды. Соның бірқатарын еске түсірсек.

1994 жыл. Тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш рет Парламент сайлауы өтіп, көп партиялық жүйенің дамуына жол ашты. 1 шілдеде тағы бір қазақ азаматы – Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты. Алғашқы валюта айырбастау пункттері пайда болды.

1995 жыл. Қазақстан қазіргі дамуының басты кепілі болып отырған Конституцияны қабылдады. Дәл осы жылдың 15 қыркүйегінде астананы Ақмола қаласына ауыстыру жөнінде Президент Жарлығы шықты.

1996 жыл. Тәуелсіздікке бес жыл толған Қазақстан, мемлекетті дамытудың кешенді бағдарламаларын жасап, нақты іске кірісе бастады. Еліміздің спортшылары тұңғыш рет дербес мемлекет атынан Олимпиада ойындарына қатысты. Ал, 26 сәуірде Шанхайда Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай және Тәжікстан басшылары «Шанхай бестігін» құрып, шекара аумағында әскери сала бойынша сенімді нығайту жөнінде келісім жасады.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу