Тәуелсіздік жылнамасы: 2000-2002 жылдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік жылнамасы: 2000-2002 жылдар

09.12.2022

Тәуелсіздік күніне бір апта қалды. Азат болғалы Қазақстан елеулі өзгерістерді өткерді, белестерді бағындырды. Биыл егемендігімізге 31 жыл. Осы ретте тарих беттерін парақтай келе, тәуелсіздік жылдардағы ең маңызды даталарды жадымызда тағы бір жаңғыртайық.

2000 жыл. Президент «Қазақстан Республикасының тәуелсіз сот жүйесін күшейту жөнінде» Жарлыққа қол қойды. 16 наурызда Қазақстанның сыртқы саясатының жаңа тұжырымдамасы бекітілді. 10 қазанда Астанада Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылды. Сиднейде өткен 27- жазғы олимпиада ойындарында ел құрамасы 3 алтын, 4 күміс медальға ие болды.

2001 жыл. 27 наурызда Каспий құбыр консорциумын толтыру басталып, «қара алтын» экспортының көлемі ұлғайды. 22 қыркүйекте Қазақстанға Рим Папасы Иоанн Павел ІІ және осы салтанатты көруге әлемнің 30 елінен 300 мыңдай мейман келді. Осы жылы Қазақстанда 4 әскери округ құрылды.

2002 жыл. Түркістан қаласында қазақтардың екінші Бүкіләлемдік құрылтайы өтті. 25 сәуірде Еуразиялық медиафорум өз жұмысын бастады. 17 қазанда Қазақстанға БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан келді. Осы жылы елордада жаңа әкімшілік ғимараттар бой көтерді.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу