Тәуелсіздік жылнамасы: 2006-2010 жылдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік жылнамасы: 2006-2010 жылдар

12.12.2022

Тәуелсіздіктің арқасында Қазақ елі талай асуларды бағындырды. Әр жылдары Қазақстанды әлемге танытқан түрлі оқиғалар жүзеге асты. Егемен еліміз үшін осы жылдары маңызды болған даталарға тағы бір назар аударайық. 2006 жыл. 20 қаңтарда Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламентіне 10 жыл толды. Ұлттық қордың активтері 14 миллиард долларға жетті. Осы жылы әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының екінші съезі өтті. 3 шілдеде елімізде мүлікті заңдастыру науқаны басталды. 2007 жыл. 19 қаңтарда «Астана» кәсіби велошабандоздар үйірмесінің тұсауы кесілді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым 2010 жылы осы ұйымға Қазақстанның төрағалық ететінін жария етті. 1 сәуірден бастап елімізде ойын бизнесіне тыйым салынды. 2008 жыл. Елорданың 10 жылдық мерейтойы жалпыұлттық деңгейде аталып өтті. 8-24 тамыз аралығында Бейжіңде өткен 19 - Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль алып, 204 мемлекеттің арасында 29 орынды иеленді.

Хабарламаларға жазылу