Футболдан клубтар арасында Әлем чемпионаты Мароккода өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан клубтар арасында Әлем чемпионаты Мароккода өтеді

10.12.2014
Футболдан клубтар арасында Әлем чемпионаты Мароккода өтеді

Турнирдің басты фавориттері – испаниялық «Реал» мен аргентиналық «Сан-Лоренсо».

Әлемдегі мықты бес континенттің командасы қатысатын футболдан Әлем чемпионаты Мароккода өтеді. Финалда Еуропа мен Оңтүстік Американың чемпиондары – «Реал» мен «Сан-Лоренсо» кездесуі мүмкін.

Турнирге, сондай-ақ, «Сидней Уондерерз» (Австралия), «Сетиф» (Алжир), «Крус Асуль» (Мексика), «Окленд Сити» (Жаңа Зеландия), «Могреб» (Марокко) командалары қатысады.

Айта кетейік, бүгін Рабаттағы «Мулай Абделла ханзада» стадионында «Окленд Сити» мен «Могреб» ойнайды. Матчтың жеңімпазы 13 желтоқсанда «Сетиф» командасымен кездеседі.

Сонымен қатар, 13 желтоқсанда «Крус Асуль» мен «Сидней Уондерерз» алаңға шығады.

Ал, 17 желтоқсанда Марракеш қаласында бірінші жұп жеңімпазы «Сан-Лоренсоға» қарсылас атанса, екінші жұп жеңімпазы «Реалмен» кездеседі. Финал 20 желтоқсанға жоспарланған. 

Хабарламаларға жазылу