Қатарда әлемдегі ең үлкен спорттық аяқ киім көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатарда әлемдегі ең үлкен спорттық аяқ киім көрсетілді

15.11.2022

Қатарда футболдан Әлем чемпионаты ашылуға бірнеше күн қалғанда дүниежүзіндегі ең үлкен спорттық аяқ киім көрсетілді. Оның биіктігі 2 метрге жетсе, ұзындығы 5 метр болады.

Доп тебуге арналған алып кроссовканы тамашалау үшін «Қатара Мәдени Ауылына» бірталай жанкүйер жиналды. Бұл мемлекетте футболдан Әлем біріншілігі алдағы жексенбіде ашылып, желтоқсанның 18-не дейін жалғасады.

Ал алғашқы матч Қатар мен Эквадор командалары арасында өтеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу