ӘЧ-2018: Футболдан Әлем чемпионатының ресми эмблемасы таныстырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ӘЧ-2018: Футболдан Әлем чемпионатының ресми эмблемасы таныстырылады

26.10.2014
ӘЧ-2018: Футболдан Әлем чемпионатының ресми эмблемасы таныстырылады

28 қазанда 2018 жылы өтетін футболдан Әлем чемпионатының эмблемасы жұртшылыққа таныстырылады. Бұл рәсім Мәскеудегі Үлкен театрдың қасбетінде жарықты шоу-проекциямен жүзеге аспақ. Бұл туралы «Ресей-2018» ұйымдастыру комитеті хабарлады, деп мәлімдеді ҚазАқпарат. Сондай-ақ, шара барысында турнирдің ресми логотипінің тұсаукесері өтеді.

«Үлкен театр Ресейдің әлем танитын символы, ол біздің дәстүріміздің келбеті іспеттес. Біз елімізде өтетін футболдан Әлем чемпионаты миллиондаған жанкүйерлерге орыс мәдениетінің бар байлығын паш етеді. Ал, ӘЧ-2018-нің ресми эмблемасы осы тарихи турнирдің бірегей көрінісі бола алады, деген сенімдеміз», - деді ӘЧ-2018-ге әзірлік жөніндегі ұйымдастыру комитетінің бас директоры Алексей Сорокин.

Еске сала кетейік, 2018 жылғы футболдан Әлем чемпионатының матчтары Мәскеу, Санкт-Петербург, Сочи, Калининград, Дондағы Ростов, Волгоград, Самара, Нижний Новгород, Екатеринбург, Қазан және Саран қалаларында өтеді. Ол шамамен 2018 жылдың 8 маусымы мен 8 шілдесі аралығында өткізіледі, деп жоспарлануда.

Хабарламаларға жазылу