«Маракана» - Футболдан Әлем чемпионаты өтетін Бразилиядағы ең үлкен стадионның бірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Маракана» - Футболдан Әлем чемпионаты өтетін Бразилиядағы ең үлкен стадионның бірі

14.05.2014
«Маракана» - Футболдан Әлем чемпионаты өтетін Бразилиядағы ең үлкен стадионның бірі
2014 жылғы Футболдан Әлем чемпионаты өтетін Бразилиядағы ең үлкен стадионның бірі -«Маракана». Сыйымдылығы  - 96 мың орын.   Рио-де-Жанейро қаласында орналасқан.
 
Нысанның ресми атауы - «Мафрио Филью».  Мафрио Филью – жобаны жүзеге асырушы бразилиялық журналист. Стадион пайдалануға 1950 жылдың 16-маусымында берілді.  Алғашқы ойын Рио-де-Жанейро мен Сан-Паулу арасында өтті.  Ең алғашқы голдың авторы -  атақты бразилиялық футболшы Дида. Стадион - көлемі бойынша Оңтүстік Америкада алғашқы орында.
 
Айта кетейік, футболдан биылғы Әлем чемпионаты Бразилияның 12 қаласында өтеді. Қазақстандық«KAZsport» телеарнасының комментаторлары матчтарды 8 стадионнан ұсынады.
 
Сондай-ақ, «KAZsport» әлемдік доданың барлық 64 ойынын көрсетеді.   Оның ішінде 32 матч тікелей эфирде жүргізілсе, кейбір ойындардың қайталауын көруге де мүмкіндік бар.
 
Чемпионаттың ашылу және жабылу салтанаты да  көрермендер назарына тікелей эфирде ұсынылады.
 
Ал, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 33 матчты тікелей эфирде көрсетеді.
 
Қатысушы командалар, үздік жанкүйерлер, Әлем чемпионатын қабылдайтын стадиондар туралы 16 мамыр, сағат 17.00-де Ұлттық арнаның «Футболдан Әлем чемпионаты - 2014». «Road to Brazil» атты арнайы жобасынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу