«Астана Опера» театрының солисі Роза Нұркей Халықаралық байқауда жеңіске жетті

Финляндияның Турку қаласында өткен байқауға Финляндия, Қазақстан, Ресей, Корея, Швеция, Эстония, Алмания және Испания елдерінің өкілдері қатысты.
Шығармашылық байқауы бірнеше номинация бойынша өтті. «Астана Опера» театрының атынан қатысқан Роза Нұркей құрметті екінші сыйлықты және Ресей композиторлары одағының арнайы дипломын иеленді.
Конкурс аясында «Бүкіл әлем шырқайды» атты халықтар достығының концерті өтіп, әрбір қатысушы ана тілінде туынды орындады. Роза Нұркей қазақтың «Ахау, Бикем» әнін шырқап, көрерменнің зор ықыласына бөленді.
Айта кетейік, Роза Нұркей 2012 жылы Армениядағы вокалистер конкурсында бірінші орынды, ал 2013 жылы қазақстандық әнші Түркияда өткен «Future Stars» конкурсында екінші орынды иеленді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін «Қайрат» чемпиондар лигасындағы ойынын бастайды
18.09.2025, 17:48

ҚФФ футбол академиясына FIFA мәртебесі берілді
18.09.2025, 17:45
Шымкентте «Таза қала, таза аула, таза үй» тақырыбында ашық сабақтар өтуде
18.09.2025, 17:42
Жетісу облысында «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
18.09.2025, 17:39
Транзитттік тасымалдың көлемі артады
18.09.2025, 17:36
Семейде тұңғыш рет қала әкімін сайламақшы
18.09.2025, 17:30
Атыраулықтар жем-шөпті көрші облыстан сатып алуға мәжбүр
18.09.2025, 17:27
Ресейде кейбір ірі оқу орындары бірігеді
18.09.2025, 17:24