Басты Жаңалықтар Семейде тұңғыш рет қала әкімін сайламақшы

Семейде тұңғыш рет қала әкімін сайламақшы

Семейде еліміз бойынша тұңғыш рет қала әкімінің сайлауы өтеді. 12 қазан күні облыс орталығының тұрғындары тікелей дауыс беру арқылы қала басшысына таңдау жасамақ. Әкімдікке үміткер ретінде аумақтық сайлау комиссиясында 4 адам ресми тіркеуден өтті. Олар өз бағдарламаларын сайлаушыларға таныстырып үгіт-насихат жұмыстарын бір ай көлемінде жүргізеді. Қала әкімін таңдауда 128 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Облыс орталығы басшысын таңдау науқанына шамамен 220 мың тұрғын қатысады деп күтілуде.

Гүлжан Қуанышева, аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы:

Еліміз бойынша тұңғыш рет өткізіліп жатқан облыс орталығындағы қала әкімінің сайлауы. Осы 4 кандидат үгіт-насихат жұмыстарын бастай беруге құқылы. Агитация орындары, кездесу орындары барлығы қала әкімінің сайтында жарық көрген.


Бөлісу