Басты Жаңалықтар Шымкентте «Таза қала, таза аула, таза үй» тақырыбында ашық сабақтар өтуде

Шымкентте «Таза қала, таза аула, таза үй» тақырыбында ашық сабақтар өтуде

«Таза қала, таза аула, таза үй». Шымкентте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар мектептерде де кең көлемде жүргізілуде. Бүгін үшінші мегаполистің барлық білім ұяларында тазалыққа үндейтін ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбиелік мәні мол шараның бірі қаладағы №135 жалпы орта мектепте ұйымдастырылды. Мұнда 4-сыныптың оқушылары үш топқа бөлініп, өз үйін ғана емес, айналаны да таза ұстауға қатысты өз ойларын ортаға салды. Оқушылар гүл егуден бастап, қоқыс сұрыптауға дейін үлес қосты.

Аңсар Еламан, оқушы:

Апайлар бізге қоқыс тастама, сабағыңды дұрыс оқы деп үйретеді. Ал далаға мусор тастап, енді өсіп келе жатқан гүлдерді баспау қажет. Гүл – көмірқышқыл газды жұтып, оттегі ауа шығарады. Гүл, елка, барлық ағаштар біздің Қазақстанға сән беріп тұр.


Бөлісу